Бұл туралы ҚР ІІМ басшысы Марат Ахметжанов, үшінші мегаполис тұрғындарымен кездесуі барысында мәлімдеді-, деп хабарлайды ELITAR.KZ.
Президент, басты міндетіміз — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін қалыптастыру деген болатын. Яғни, өмір мен денсаулықты қорғау, мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ адамдардың сұранысын қанағаттандыру үшін жағдай жасау қажеттігін айтып өткен болатын.
Марат Ахметжанов жұртшылықты толғандыратын негізгі тақырыптарды қозғады. Ол мегаполистегі қылмыстық жағдайға тоқталды.
“Жыл басынан бері қалада 872 ұрлық жасалды, оның ішінде 101 пәтер ұрлығы. Ағымдағы жылдың 5 айында Шымкентте 316 киберқылмыс жасалған. Сонымен қатар, 25,5 келі есірткі және 6,5 кг “синтетика”тәркіленген. Бұл 9 мың адамға шаққандағы көрсепткіш. Жалпы қала бойынша қылмыс деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда төмен”, – деді Марат Ахметжанов
Баяндамадан кейін ведомство басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ал залда өз сұрақтарын қоя алмағандарды еліміздің бас полицейі жеке қабылдап, барлық мәселелерді тыңдады. Жәрне де бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг берді.
“Соңғы уақытта біз кибершабуылдардың ішкі сызықтарын жауып тастадық. Егер байқасаңыз, телефон алаяқтары қазақстандық нөмірлерден қоңырау шалуды тоқтатты. Қазір олар негізінен шетелдік нөмірлерден қоңырау шалады. Біз бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Анықталғандай, дисконттық карталарды ашқан кезде ірі дүкендердегі деректер базасы Дербес деректер көзіне айналады”, – деді министр.
Сонымен қатар, ІІМ орталық аппаратының өзге де жауапты мамандары халықты қабылдап, толғандырған сұрақтарына жауап беруге тырысты.
“Менің қылмыстық істі заңсыз жабу туралы сұрағым болды. Министр мені жеке қабылдады, жауапты адамдарға тексеру жүргізуді тапсырды. Мен оның нәтижесін күтемін”, – деп қала тұрғыны.
Үшкі істер министрі жұмыс сапарының соңында Шымкент қалалық ішкі істер департаментінде болып, жеке құрамымен кездесті. Олармен, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, бас полицей өзге де бөлімшелерді аралап, кадр жұмыстарымен танысты.
“Шымкент қалалық ПД техникалық заттармен толық қамтамасыз етіліген. Соңғы кездері қаланы цифрландыру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде қала алақандағыдай көрінеді деп айтуға болады. Мәселен, жедел басқару орталығы аоқылы бүкіл қаланы толығымен бақылауға алуға болады”, – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.