Шымкентте “Жас патриот-2022” әскери-патриоттық жиыны өтуде

Теги:
336

8 тамыз күні Шымкент қаласында “Жас сарбаз” сыныптары арасында “Жас патриот-2022” әскери-патриоттық жиыны басталды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

“Жас сарбаз” қозғалысы еліміздің әр өңірінде бар. Бұл әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің патриотизмді, рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруға, отанды қорғауға және әскери қызметке оң уәждемені дамытуға, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу үшін кәсіптік-бағдарлау бағытын дамытуға ықпал ететін нысандарының бірі.

Балалар үш жас тобына бөлінеді:

I санат (7-10 жас);

II санат (11-14 жас);

III санат (15-18 жас).

“Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру-біздің ортақ міндетіміз. Өйткені, ол тек әскери тәртіпке ғана емес, сонымен бірге білімге, достыққа, адалдық пен тапқырлыққа жетелейтіні белгілі. Ал бүгінгі жиынның мақсаты – жастарды Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, ел мен жердің болашағы үшін жауапкершілік сезімін ояту”, – деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар Управления басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Салтанатты іс-шара барысында “Жас сарбаз” республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ринат Мадияров және “Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ардагерлері” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Оңбаев сөз сөйлеп, жиынға қатысушы жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатынан кейін қатысушылар үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Әскери-патриоттық жиынға Шымкент қаласының 25 орта мектебінен 100-ге жуық оқушы қатысады. Екі күн ішінде оқушылар барда тартылу, денені жатып көтеру, пневматикалық мылтықтан ату, қорғаныс және әскери киімдерді тез кию, 100 метрге жүгіру және әскерилендірілген эстафетада жарысады. Ұйымдастырушы қалалық білім басқармасының қолдауымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар Управление басқармасы болды.

Алдыңғы пост
Қазақстанда бір жылда пәтер құны 19,6% қымбаттады
Келесі пост
Шымкент кәсіпкерлері мемлекеттік грант алуға өтінім бере алады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu