315

Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында “Шын жүректен” акциясы өтті. Шара барысында орталық қызметкерлері  келушілерге тәттілер мен кәдесыйлар таратты. Осылайша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы “Шын жүректен” акциясының бастамашысы болды.

«Іс-шара ел тұрғындарының достығы мен бірлігін қолдау, сондай-ақ клиенттердің көңіл-күйін көтеру мақсатында Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды»,-деді хабарлайды Шымкент қаласы бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының ресми өкілі Алтынай Татаева.

 

“Бүгін мен мемлекеттік қызметті алуға келіп, ерекше әсерлі көңіл-күй кештім. Маған шоколад пен қазақи домбыра сыйлады. Бұл мейірімділіктің нышаны. Қызметкерлер клиенттерді күлімсіреп қарсы алып және мерекемен құттықтады. Өз кезегінде мен барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтап, бейбіт аспан, жақсылық пен өзара түсіністік тілеймін”, – деп атап өтті Татьяна Корчагина.

Филиал директорының Дәрімбет Баймбетовтің айтуынша, қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірнеше ұлт өкілдері жұмыс істейді.

«Қазақстан халқының бірлігі күні – ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Біздің филиалда да көптеген ұлт өкілдері жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Бұл қазақтар, орыстар, немістер, әзірбайжандар, түріктер, корейлер, шешендер, татарлар және өзбектер. Біздің қызметкерлер ұйымшыл, өз ісіне адал және әр клиентке мәселелерді шешуге көмектесуге әрқашан дайын», – деді ол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed