Шымкенттің 24 тұрғынына Қазақстан халқы Ассамблеясының куәліктері табысталды

126

Шымкентте “Достық” үйі ғимаратында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаевтың қолы қойылған куәліктер табысталды.

Республикалық Ассамблея мүшелерін мерекемен құттықтаған қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов мемлекеттік саясат аясында жоспарлы жұмыстар жүйелi жалғасатынын айтты.

«Алдағы уақытта ел игілігіне еңбек етіп, мемлекеттік саясат аясындағы межелі міндеттерді нәтижелі іске асырамыз деген ойдамын. Ендігі мақсат – Президент тапсырмаларын жергілікті жерде сапалы іске асыру, осы бағыттағы іс-шараларды Өздеріңізбен бірлесе атқаратын боламыз”, – дедi басқарма басшысы.

Айта кетейік, Шымкент қаласынан республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелiгiне 24 адам қабылданды. Олар: қалалық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қоғамдық құрылымдардың жетекшілері.

Жалпы айтатын болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылған. Ассамблея құрамында 583 адам бар. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыстарда өңірлік ассамблеялар құрылған. Оларды жергілікті әкімдер басқарады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Сессиялар арасында Ассамблея Кеңесі жұмыс істейді. Оған республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері кіреді. Ассамблея кеңесінің құрамында 84 адам бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Президент Әкімшілігінің құрылымына дербес құрылымдық бөлімше ретінде кіреді (7 адам). Хатшылық меңгерушісі бір мезгілде ҚХА төрағасының орынбасары болып табылады. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасынан төрағаның екі орынбасары тағайындалады.

Уәкілетті орган – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті (33 адам), сондай-ақ “Қоғамдық келісім” РММ (46 адам) және “Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты” ЖШС (30 адам) жұмыс істейді. Өңірлік деңгейде ішкі саясат/қоғамдық даму басқармаларының құрылымында этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі бөлімдер мен ҚХА хатшылықтары құрылған. «Қоғамдық келісім» мекемесі аталған басқармаға қарасты.

Алдыңғы пост
68 жастағы зейнеткер балконда қамалып қалған
Келесі пост
Қазақстан халқының 70,6%-ын қазақтар құрайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu