Шымкенттік тұрғын 4 млн ақшасынан айырылып қалды

287

Шымкентте жергілікті тұрғын қомақты ақшасынан айырылды. Осылай деп полицияға арызданған ол өзін танысы алдап кеткенін айтқан. Оның сөзіне сенсек, танысы қайтарымсыз грант алып беруге уәде еткен. Ол қызметі үшін алдын ала 4 миллион теңгесін алып, алты ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай қойған.

Оның арызы  Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде жергілікті жердің тұрғынын анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған азаматша 31 жаста. Жоғары білімді, уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді. Алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген екен. Тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Сырдарияда үш ер адам 127 келі балықты заңсыз аулаған
Келесі пост
Мектеп оқушылары футболда төбелесіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu