Ә. Смайылов: Шымкенттің сауда-логистикалық өңірлік хабқа айналуға мүмкіндігі бар

365

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Мемлекет басшысы тапсырмасының жергілікті жерде орындалу барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралау жоспарланған.

Үкімет басшысы алдымен қаладағы заманауи сауда-логистикалық орталыққа барды. Қала әкімі М.Әйтенов шаhарда индустриялық аймақтарды дамыту, сауда-логистикалық орталықты кеңейту жұмыстарының барысынан хабардар етті.

Бүгінде Орталықтың қуаттылығы жылына 1 миллион тонна тауарды қабылдап алуға, сақтауға және жөнелтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталықты кеңейту, оған қажетті инфрақұрылым жүйелерін тарту жүргізілуде. 2023-2027 жылдары 136 га аумаққа 10 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Үкімет басшысы Шымкент қаласындағы аталған сауда-логистикалық аймақты кеңейту арқылы Қазақстанның бүкіл Оңтүстік өңірін қамтитын Өңірлік хаб құрудың мүмкіндігі зор екенін атап өтті.

– Индустриялды аймақтарды кеңейту жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде өнеркәсіп өнім көлемін арттыру өте маңызды. Сауда-логистикалық орталықты кеңейтуге, Шымкент қаласының өңірлік хабқа айналуына барлық мүмкіндігі бар. Ол бағаны төмендетіп, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету бойынша экономикаға оң әсерін тигізеді. Үкімет тарапынан қандай көмек керек болса, біз қолдауға дайынбыз, – деді Ә.Смайылов.

Жалпы, бүгінде Шымкент қаласында жаңадан 4 өндірістік алаң құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Онда жалпы құны 459 миллиард теңгені құрайтын 121 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланған.

Алдыңғы пост
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкентте шыны конструкцияларын өңдеу және өндіру зауытын іске қосу рәсіміне қатысты
Келесі пост
ҚР Премьер-Министрі: Шымкенттегі «Іскер қала» өңірлік бағдарламасын бүкіл республикаға үлгі ету керек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu