Сыныпты жөндеуге деп ата-аналардан ақша жинаған педагог жазаланды

154

Өскеменде №15 орта мектебінде оқитын балалардың ата-аналарынан сыныптың жөндеу жұмыстарына деп ақша жинаған педагог жазаланды.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне аталған мектеп оқушысының ата-анасынан 1424 Колл-орталығы арқылы анонимді шағым келіп түскен. Шағым сыныпты жөндеуге ақша жинау фактісіне қатысты болды. Бұл Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 63-бабына қайшы болып табылады.

Антикор қызметкерлері мектеп басшылығымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оның барысында ақша сыныптардың бірінің ата-анасының бастамасы бойынша жиналғандығы анықталды.

Нәтижесінде жиналған қаражат ата-аналарға толығымен қайтарылды. Ал кінәлі педагог сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алдыңғы пост
Шымкент дәрігерлері сол дүниеден 52 жастағы азаматты қайтарды
Келесі пост
Шымкентте 29 жастағы әйел бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu