Түркістан көшесінен теміржолға дейінгі жолдың бір бөлігі жыл соңына дейін ашылады

318

Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күре жолдың құрылысын бақылады.

Жалпы Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты. Қазір мұнда бригадалар жер төсемелерін салып, жер асты темірбетонды құбыр орнатуда. Құрылыстың 35%-ы пайызға аяқталған.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстарын аяқтауға 3 ай мерзім берді. Сонымен қатар, бүгінде Шымкентте 16 шақырымды құрайтын «Оңтүстік» айналма жолының құрылысы жүргізілуде. Нысан көлік кептелісін азайтып қана қоймай, жол бойындағы елдімекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына да ықпал ететін болады.

Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын арттырып, нысанды уақытында қолданысқа беруді бақылауды тапсырды.

Жалпы алғанда Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың  ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. Былтырғы жылдың  қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Айта кетейік, 2024-2025 жылдары Қатынкөпір шағын ауданында 37 көшеге асфальт төселеді. Қатынкөпір шағын ауданындағы 107 көшенің қазір 70-і асфальтталған болса, 37 көшеге шағал тас төселген. Шағын аудан көшелерін 2025 жылға дейін толық асфальттау жоспарлануда. Мәселен, былтыр Күмісқазық көшесі жөндеуден өтіп, Спатаев, Ирисмет Ата, А.Яссауи көшелері жарықтандырылды. Келесі 2024 жылы 19 көшеге асфальт жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Ал 2025 жылы 18 көшеге асфальт төселсе, Қатынкөпір шағын ауданының көшелерді асфальтпен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі Конгресс-холл ғимараты биыл пайдалануға беріледі
Келесі пост
Шымкентте үш көлік соғысып, біреуі түгі қалмай өртеніп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu