Түркістан облысында 4 баласының көзінше әйелін ұрып өлтірген тұрғын сотталды

Теги:
324

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаскөй әкеге сот үкімі оқылды. Облыстық соттың мәліметінше, ер кісі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 5- тармағы бойынша жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылған. Оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, оқиға ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылында болған. Спирттік ішімдік ішкен ер кісі өз үйінде балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан. 35 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды.

Сот отырысында төрт баланың әкесі әйелін қызғаныштан ұрып-соққанын, ол ісі үшін қатты өкінетінін айтқан.

Марқұмның артында екі қызы мен екі ұлы қалды.

Алдыңғы пост
Героин сатуды кәсіпке айналдырған ер кісіні ұстау операциясының видеосы жарияланды
Келесі пост
Қызын ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызбақ болған түркістандық әйел 4 млн теңгесінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu