377
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 9-сыныпта оқитын оқушы қыздың мәйіті табылды. Полицейлердің мәліметінше, оқиға 9 сәуір күні болған. Жасөспірімнің денесі Ордабасы ауданындағы суару каналынан табылған.
Тәртіп сақшылары қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады. Ол 11-сыныпта оқитын бала болып шықты. Жасөспірім полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.