Түркістан облысында жас жігіт ТікТок үшін көпірден секіріп кетті

334

Түркістан облысындағы Сайрам ауданында жас жігіт досымен бәстесіп, Ақсу өзені үстіндегі көпірден секіріп кетті. Оқиға аудан орталығы Ақсукент маңында 1 сәуірге қараған түні болған.

Жігіттің көпірден секірген кезін оның досы видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Көп ұзамай полицейлер көпті шошытқан жігіттердің жеке басын анықтады. Олардың екеуі де Ақсукент тұрғындары болып шыққан.

Видеодағы «батырлардан» жауап алу кезінде олардың мұндай қадамға баруына бәстесу себеп болғанын айтқан. Және көпірден секіру кезін видеоға түсіріп, әзіл үшін оны ТікТок-қа жүктеуді мақсат тұтыпты.

«Суға секірген жігіт жарақаттанбаған және оның денсаулығына ешқандай қауіп келмеген. Қос жігіт өкініштерін білдіріп, бұдан былай мұндай асығыс,  әрі өмірге қауіп төндіретін әрекеттерді жасамауға уәде берді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары оларға профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізді»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Шымкенттің тағы бір елді мекені оптикалық интернетпен толық қамтамасыз етілді
Келесі пост
Тапа-тал түсте көшеде тыр жалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu