Түркістанда ауа райына байланысты мектептер онлайнға көшті

221

Түркістан облысында апта басынан бері жел тұрып, тұрғындар әбігерге салынуда. Әсіресе бүгін, 4 мамырда облыс аумағында желдің жылдамдығы 26 м/с жетіп, Кентау қаласындағы политехникалық колледждің  700 шаршы метрді алып жатқан шатыры ұшты. Салдарынан көршілес тұрғын үйдің шатыры бүлініп, екі тұрғын үйдің қоршауы (шлакаблок) зақымданды. Бұдан өзге қаладағы «Қазақтелеком» мекемесі ғимаратының шатыры желмен ұшқан.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше мектеп оқушылары жел басылғанға дейін қашықтан білім алатын болды.

«Желдің күшеюіне байланысты  Кентау қаласындағы барлық 23 мектептің бастауыш сынып оқушыларын онлайн оқытуға шешім қабылданды. Сондай-ақ, Сауран ауданындағы  Шоқтас шағын жинақталған бастауыш мектебінің оқушылары да ауа-райының өзгеруіне байланысты онлайн білім алуда» деп атап өтті адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қатты желдің салдарынан жалпы 15822 абоненттің (Бәйдібек ауданында – 9061, Сауран ауданында – 2231, Сайрам ауданында – 3110, Кентау қаласында – 1420) электр желісі сөнді.

Қайта қалпына келтіру жұмыстарына «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің 8 бригадасы, 15 техника, 26 қызметкер жұмылдырылды.

Облыстың Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары және  Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні 23-28 м/с жетуде.

Алдыңғы пост
Ер есімі — Ел есінде
Келесі пост
Шымкентте каналдарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu