352
Түркістан облысының полицейлері 6 млн теңге айыппұлы бар жүргізушіні анықтады.
Жедел басқару орталығына сот орындаушысынан 6 млн теңгеден аса төленбеген айыппұлы бар түркістандықты табу туралы өтініш түскен.
Кезекші полицей бейнебақылау камераларының көмегімен көлікті анықтап, патрульдік полиция экипажына борышкер жүргізушіні іздеуге көмектескен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы – Ташкент – Термез тас жолында іздеуде жүрген Toyota Camry-ді тоқтатып, борышкердің көлігін айып тұраққа қойды, – деп жазылған хабарламада.