Тәртіп сақшысы қызметтік көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Теги: ,
281

Жамбыл облысында  полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиға Луговой стансасында болған. Қызметтік көлік мінген тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Жаяу жүргінші сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуыпты. Соған байланысты полиция қызметкеріне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігі бойынша (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) іс қозғалды. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді.

Алдыңғы пост
Шымкентте оқушылар сарайының құрылысы аяқталды
Келесі пост
Астанада қырғызстандық такси жүргізушісі мас жолаушыны ұрып-соғып, тонап кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu