81
Ол, өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген.
“Талдықорған қалалық полициясының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі (“Адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау”) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – дейді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.
Қазіргі таңда, соталды тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, зерделенеді. Айта кету керек, қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.