519
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
Аталған үдеріс аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, «Талибан қозғалысын» тізімнен шығару туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді, – деп түсіндірді СІМ ресми өкілі.
Айта кетейік, Қазақстан Жоғарғы соты 2005 жылы 15 наурызда «Талибан қозғалысын» террористік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салынған болатын.