Тараздағы базарда өрт шығып, дүңгіршек өртеніп кетті

179

Таразда Мәмбет батыр көшесі бойында орналасқан базардағы доңғалақ сататын дүңгіршек өртеніп кетті. Оқиға кеше, 12 сәуірде кешкі сағат 8-дер шамасында болған. Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылған. Өрт сағат  20:35-те толықтай сөндірілген.  Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпып үлгеріпті.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр» делінген ТЖД мәліметінде.

Алдыңғы пост
Ауызашарға барған дәрігерлердің тамақтан улануы бойынша тергеу басталды
Келесі пост
Депутат букмекерлік кеңселердің жарнамасына толықтай тыйым салу керек деп дабыл қақты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu