Туризм – Түркістан облысы экономикасындағы келешегі зор салалардың бірі

Теги: , , , ,
187

Пандемияға дейінгі 2019 жылы Түркістан облысында туризм саласындағы қызмет көрсетулерден түскен табыс көлемі 1,8 млрд теңгені құрады, 2021 жылы 3,8 млрд теңгеге жетті. Ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,55 млрд теңге болды.

2022 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша туристер саны 118 284 адамды құрады, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (95 587 адам) 123,7% – ға артты.

Облыста туризм саласы жылдан-жылға өз қарқынын жоғарылатып, туристердің саны артқанын байқауға. Себебі, тарихи туризм ошақтары көп өңірдің табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік.

Түркістан өңіріндегі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі, Бәйдібек ауданындағы Домалақ ана кесенесі мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірқатар шетелдік және отандық туристерді қызықтырып, саяхат жасауларына негіз болды.

Туризм Түркістан облысы экономикасындағы келешегі зор салалардың біріне айналуда. Облыс Орта Азия мен Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің, Ұлы Жібек жолының тоғысында орналасқан. Түркістан облысының аумағы арқылы маңызды темір жол магистральдары өтеді (Түркістан – Сібір және Орынбор – Ташкент, сондай-ақ Шанхай мен Пекиннен Анкара мен Ыстамбұлға дейінгі Трансазиялық магистраль).

Ұлы Жібек жолы заманындағыдай Түркістан облысы халықаралық тауарлар жолы мен болашақта туристер жолы түйіскен аумақта болмақ.

Облыс республика өңірлерінің мәдени – тарихи ресурстарға бай өңірлерінің бірі болып табылады:1754 тарих және мәдениет ескерткіштері, оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар (Қ.А.Ясауи кесенесі), 31 республикалық маңызы бар, 421 жергілікті маңызы бар, 1301 алдын ала тізімдегі нысандар бар.

Түркістан облысының аумағы тек мәдени-тарихи сәулет ескерткіштеріне ғана емес, сондай-ақ облыстың таулы және тау бөктерінде орналасқан алуантүрлі табиғи нысандарға бай.

Түркістан облысында экотуризмді, ауыл туризмін, экстремалды табиғи жағдайлармен саяхатты және оқу-танымдық туризмді дамыту үшін барлық алғышарттар бар.

Экотуризмнің негізгі нысандары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады: Қаратау және Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорықтары, Сайрам – Өгем ұлттық табиғи паркі, Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркі, сондай-ақ табиғат әуесқойларының бір күндік бағыттары кеңінен дамыған жекелеген бірегей табиғи объектілер. Оларға: Қазығұрт тауы, Ақбура бұлағы, Қырық Шілтен жырасы, Әулие “Жылақата”, Машат шатқалы жатады.

Жалпы, Түркістан облысының туристік потенциалын толық зерттеп, анықтау үшін, оның мүмкіндіктерін айқындап, туристерге туристік өнім ретінде ұсыну үшін әлі біраз талай уақыт қажет бооары айтпаса да түсінікті. Дегенмен алғышарттар, бастапқы қадамдар бар.

Кеше-бүгін екі күн қатарынан “Қазақ туризм” ұлттық оператор ұйымдастырған ақпараттық турдың мүшелері аймақтың туристік мүмкіндіктерімен етене жақын танысуда. Қазақстанның батысы мен шығысынан, солтүстігі мен өңтүстік-шығысынан келген туроператорлар облыстың туристік нысандарының әлеуетімен, жаңа мүмкіндіктерімен танысып шықты.

Олардың арасында Домалақ ана Мавзолейі, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан музей-қорығы, Хильвет жерасты мешіті, Шығыс моншасы, Жұма мешіті, Есім хан мен Рабиға Сұлтан Бегім мавзолейлері, “ULY DALA ELI” жаңа тарих музейі, Karavan Saray  көпфункционалды кешені және тағы басқалары бар.

Алдыңғы пост
Бойжеткен жалған жарнама арқылы бірнеше тұрғынды сан соқтырып кетті
Келесі пост
Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарған сарбаздар үйлеріне қайтты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu