400
Қызылорда қаласында мектеп оқушылары төбелесіп қалды. Жаға жыртысу кезінде олардың бірі пышақталды. Облыстық Полиция департаменті берген мәліметке сенсек, оқиға сейсенбі күні, 4 сәуірде болған. Пышақ жарақатын алған оқушы дереу ауруханаға жеткізілген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылыпты.
Оқушылар төбелесі Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті ретінде ұсталған жасөспірім полиция басқармасына жеткізілген. Одан жауап алынған соң ата-анасының қарауына тапсырылған.