Зейнеткер әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тұтқындалды

405

Қырғызстанда 75 жастағы зейнеткер Салия Таштанова әлеуметтік желідегі жазбасы үшін қамауға алынды. Ол елді қымбатшылық жайлағанын, әділдік жоқ екенін айтып үндеу жолдаған

Адвокат Токтосун Жоробековтің айтуынша, зейнеткерге «Билікті күштеп басып алуға жария шақыру» бабы бойынша айып тағылған. Облыстық соттың шешімімен Таштанова 4 қарашаға дейін қамауға алынды.

«Адахан Мадумаров қамауға алынғаннан кейін Салия Таштанова президентке және Қамшыбек Ташиевке елді қымбатшылық жайлағанын, әділдік жоқ екенін айтып үндеу жолдаған. Осыдан кейін тергеушілер оның үстінен «президенттің және  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысының беделіне нұқсан келтірді» деген айыппен қылмыстық іс қозғады», – деді адвокат.

Алдыңғы пост
Қазақстанның үш елдегі елшісі тағайындалды
Келесі пост
Ресейлік футболшы Мбаппеден асып түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu