Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

179

Жаңаөзендегі жарылыс кезінде үйінді астында қалған барлық зардап шеккендер сыртқа шығарылды. Оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан  Ноғаев мәлімдеді.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 8-і бала. 6 адам ауруханаға жатқызылса, 7 адам үйге жіберілді. Жарылыс кезінде 3 пәтерге зиян келген. Апаттан кейін үй газ желісінен бірден ажыратылды. Қазіргі уақытта үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Апаттың себебі мен мән-жайы толық анықталады.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен ауруханасына жатқызылған апаттан зардап шеккен тұрғындардың жайын білді.

Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы травматология бөлімшесінде ем алады. Ал жағдайы ауыр тұрғындар жансақтау және қарқынды терапия анестезиология бөлімшесіне, жатқызылды. Бір пациент облыстық ауруханаға жедел авиациялық тікұшақпен жеткізілді.

«Қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі, жаңа тұрғын үй беріледі. Апаттық жұмыстарға көмек көрсеткен еріктілер мен қала тұрғындарына алғыс айтамын. Қазіргі уақытта барлық адам үйінділерден шығарылды», – деді Нұрлан Ноғаев.

Қазіргі таңда үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасуда. Жарылысқа байланысты ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр.

Алдыңғы пост
Павлодарда жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Келесі пост
Астанада ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu