323
Жаңаөзенде көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыстан үйсіз қалған отбасыларға баспана берілді.
Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 17 сәуірде көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан көз жұмған жандардың отбасыларына барып, өзінің және компания атынан көңіл айтты.
«Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, Президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз», — деді Мағзұм Мағзұмов.
Қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жанұядағы адам санына байланысты екі бөлмелі