331
Ақтөбе облысында сауда үйіндегі бутикке ұрлыққа түскен жас жігіт ұсталды. 28 жастағы жергілікті тұрғын Қобда ауылындағы сауда үйіндегі бутиктен 33 дана ұялы телефон мен 30 мың теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Келтірілген шығын – 3,9 млн теңге. Оқиға 24 сәуірден 25 сәуірге қараған түні болған.
Полицейлердің дерегінше, ұрлық жасағаннан кейін күдікті Шымкент қаласына барып, ұрланған телефондардың бір бөлігін сатып үлгерген. Жас жігіттен 11 телефон тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.