Жас жігіт көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлап, ол үшін ақша талап еткен

360

Алматыда 21 жасар жігіт автотұрақтағы көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлап, пайда табуды кәсіпке айналдырған. Полицейлердің дерегінше, күдікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шешіп алып, кейін оны иесіне ақы төлеген жағдайда ғана қайтарып берген.

«Түнде ол тұрақта тұрған көліктердің мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып, көліктің айнасына ұрланған нөмірді қайтарып алу үшін өтемақы төлеу шарты жазылған жазуды қалдырып кеткен. Содан кейін ол нөмірлік белгі жасырылған мекенжайды хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол осыған ұқсас тағы 5 ұрлық жасағанын мойындады», – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Аталған эпизодтар бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Аңшы куәлігін беру электрондық форматқа ауыстырылды
Келесі пост
Түркістан облысының әкімдігі тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu