Жолаушылар пойыздарының жылдамдығы баяулап, кестеден кешігуі мүмкін

340

Темір жолдарды жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар  жолаушы пойыздарының жылдамдығы баяулап, белгіленген кестеден кешігуі мүмкін. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 1,1 мың км астам темір жолды қалпына келтіру  жұмыстары жоспарланып, 108 мыңнан астам шпал мен 634 бағыттамалық бұрма жиынтығын ауыстыру көзделген. Ауқымды жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүргізілуде. Мәселен, Аршалы-Бабатай учаскесінде рельстік тіректер мен бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жүргізілуде.

Кешенді жөндеу жұмыстары Мойынты – Қарағанды – Астана учаскесінде жүргізілуде. Мұнда   ластанған балласты терең тазарту, ескі темірбетон шпалдарын ауыстыру, рельсті торлардың тұтастығын қалпына келтіру және т.б. жүзеге асырылуда. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің учаскелерінде жолды күрделі және күшейтілген орташа жөндеу аяқталды.

Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Жол жұмыстарының максималды көлемін орындау үшін арнайы техника қолданылады.

Инфрақұрылымды жаңғырту және ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін ҚТЖ пойыздар қозғалысы жылдамдығына уақытша шектеулер енгізсе, бұл жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталмауына әсер етеді. Астана – Алматы, Алматы – Петропавл, Шымкент – Астана, Жезқазған – Алматы, Алматы – Орал бағытындағы пойыздар кешігуі мүмкін.

Компания туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады. Жолаушылар пойыздары қозғалысының нормативтік кестесін сақтау бойынша тәулік сайын шаралар қабылдануда. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты  арқылы алуға болады.

Алдыңғы пост
Елімізде қанша көлік бар екені белгілі болды
Келесі пост
Шымкентте тұтынушылар құқығын қалай қорғайды және монополистермен күреседі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu