Елордада қайтарылған активтер есебінен жаңа стадион салынуда

31

Астанада қайтарылған активтер есебінен Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа заманауи стадионның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Прокуратура органдары хабарлады.

Стадион 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Онда футболға басымдық беретін балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі ашылады. Мектеп 8 бен 18 жас аралығындағы 750 балаға арналған.

Нысан спортшылар үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталады: жасанды жабыны бар футбол алаңы, киім ауыстыратын және жаттықтырушылар бөлмелері, медицина кабинеті, көрермендерге арналған трибуналар қарастырылады.

Жоба жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және кәсіби футболшыларды даярлауға бағытталған. Прокуратура бұл әлеуметтік жобаның орындалуын ерекше бақылауда ұстап отыр.

Алдыңғы пост
Қазақстанда 800 мың киік атылуы мүмкін — министрлік
Келесі пост
Қазақстанда экотуризм қағидаттары алғаш рет ресми түрде бекітілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu