Ербаянға шұғыл көмек керек: Германиядағы клиника науқас қабылдай алмайды

147

Әскерде әжетханада есінен танып құлаған Ербаян, бүгінде мүгедек болып қалды. Оған неше рет ота жасалса да, беті бері қарамады. Есін білгенімен, сөйлеуге, тамақ ішуге мүмкіндігі жоқ.  Оның туыстары Ербаянды шетелде емдетуді  жөн көрген еді.

26 тамызға Ербаян ЭКГ, өкпе рентгенографиясына жазылды. Ербаян ұзақ уақыт төсекте жатқандықтан оның арқасына салмақ түсуі мүмкін. Сондықтан іркілістік пневмония бар-жоғын тексеру керек. Қазіргі таңда ең бастысы – Ербаянның ұзақ уақыт ұшуға дайын болуы керек. Ертең Германия елшілігіне барып, олар қалай көмектесе алатынын сұраймыз, себебі Ербаянды Германияда емдеу қажет деп шештік деген болатын.

Алайда, Германиядағы @chariteberlin клиникасының неврологиялық орталығында бос орын жоқ екен. Олар, өкінішіке орай науқас қабылдай алмаймыз деп жауап берген.

Сондықтан, сіздердің көмектеріңіз қажет. Егер, шетелдік емдеу орталықтарын білсеңіздер, @erbayan2024 парақшасына жазыңыздар!

Алдыңғы пост
Сақал өсіргендерге айыппұл салынбақ 
Келесі пост
Топырақ астында қалған бала өлі табылды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu