Ербаянның дәрменсіз күйге түсуіне дәрігерлер кінәлі ме?

187

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов, 6 ай бойы комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады stankz.

Үмбетовтің айтуынша, сарбаздың қазіргі жағдайы әскерде алған жарақатына байланысты емес.

“Ербаян Мұхтаров Ұлттық ұланда қызмет ету кезінде түнгі екіде оянып, құлап, жарақат алған. Оның қазіргі жағдайы құлаудың салдары емес. Емделу кезінде сарбаз жұқпалы ауруға шалдыққан. Өкінішке қарай, емделу кезінде өкпесі пневмониямен, сондай-ақ қосымша ірің бөлінуімен гайморитпен ауырған. Дәрігерлер ота жасауды ұйғарған, отадан кейін сарбаз осындай күйге түсті”, — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүріп, комаға түскен болатын. Алты ай бойы ес-түссіз жатыр, есін жиды. Алайда, өз еркімен сөйлей алмайды. Тамақ іше алмайды. Жүре алмайды.

Қазіргі таңда, Ербаянға түрлі ем шаралары жасалып жатыр.

Алдыңғы пост
Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық спорт түрлерін дамытуда күш біріктіреді
Келесі пост
Жалған риэлторлар тар қапасқа қамалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu