397
Қайғылы жағдай, Солтүстік Қазақстан облысы Ильинка ауылында орын алған.
Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне сәйкес, 1 сәуір күні таңертең өрт туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар, 2021 және 2015 жылы туған ұл балалардың денесін тапқан. Қазіргі таңда, өрттің шығу себебі анықталуда.
Естеріңізде болса, былтырда бірнеше қайғылы жағдай тіркелген болатын. Яғни, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар алапат өрттің құрбаны болған еді. Сондықтан, құрметті ата-аналар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік шараларына мұқият болғаныңыз абзал.