Ферроқорытпа зауытындағы апат: Жұмыс беруші кінәлі

278

Қарағанды қаласында орналасқан «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытындағы апатты жағдайды зерделеу бойынша арнайы комиссия құрылған болатын. Нәтижесінде, комиссия мүшелері оқиғаның мән-жайын зерделеп, негізгі кінә жұмыс берушіде деп тапты.

“Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды”,- деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Арнайы комиссияның тергеу нәтижелері және жиналған барлық материалдар болған жазатайым оқиғаға кінәлі деп танылған адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады.

Сондай-ақ, комиссия «YDD Corporation» ЖШС басшылығына жазатайым оқиғаның себептерін жою және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу жөнінде шаралар кешенін қабылдауға қаулы етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 шілдесінде Қарағанды қаласында «YDD Corporation» ферроқорытпа зауытында өндірісте жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде сегіз жұмысшы зардап шегіп, төртеуі қаза тапқан болатын.

Алдыңғы пост
Исландия түбегінде жанартау атқылады
Келесі пост
Жауапкер 10 млн АҚШ доллар тұратын байлығының қалай келгенін түсіндіре алмады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu