Хабарсыз кеткен ер адам табылды

60

ТЖМ қызметкерлері жоғалған адамды тауып, құтқарды.

Іздестіру-құтқару операциясы Ақтөбе облысының Алға ауданында жүргізілді. Осыдан бір күн бұрын 1969 жылы туылған ер адам шаруашылық қожалығынан мал іздеуге шыққан. Кешке қарай құтқарушыларға алаңдаған туыстары хабарласып, оның келмегенін, онымен байланыс жоқ екенін хабарлады.

Тез арада іздеуге кіріскен құтқарушылар, екі жол талғамайтын Трэкол көлігімен шықты. Төрт сағат жол жүре отырып құтқарушылар ер адамды басқа шаруашылық қожалығының аумағынан тапты. Белгілі болғандай, оның телефонының қуаты таусылып, қарда жүретін көлігі батып қалған. Сондықтан ол, бірнеше шақырым жаяу жүріп шаруа қожалығына жеткен. Құтқарушылар ер дамды Көктоғай кентіне жеткізді.

Абырой болғанда, ер азаматқа медициналық көмек қажет болмады.

Алдыңғы пост
Масленица мерекесінде дәстүрлі қуыршақты өртеу рәсімі өтті
Келесі пост
2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырып қалмақ болғандар ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu