«Хуторский»: Хасан мен сенат төрағасының орынбасары Жақып Асановтың қандай байланысы бар?

189

Әлеуметтік желіде, сенат төрағасының орынбасары Жақып Асановпен, «Хуторский» бандысының лидері аталып кеткен Хасанның арасында байланыс бар деген ақпарат тараған болатын.

Алайда, бұрынғы бас прокурор бұл қауесетті жоққа шығарды. Оның айтуынша, ешқандай Хасан есімді азаматты танымайды және көргенде емес.

«Мұның бәрі өтірік, жалған. Ол адамдарды танымаймын, білмеймін, көрген емеспін. Қазір әлеуметтік желіде жалған ақпарат көп. Оның бәрі тергеуге үлкен кедергі келтіріп отыр»,-деді сенат төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін, Хутордың лидері делінген Хасан, өзін ешқандай бандылардың басшысы емеспін деп мәлімдеген. Ал, құзырлы орган өкілдері брифинг барысында, аталмыш қылмыстық топтың тіркелмегенін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, Шерзаттың өліміне қатысты көптеген даулы мәселелер туындап кеткені рас. Қоғам көтеріліп, қылмыстық істің ашық тергелуін сұрап отыр.

Алдыңғы пост
Криминалды топтардың жолы кесілді
Келесі пост
Алматыда «Be Woman» іскер әйелдер форумы өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu