Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қоюшы Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментінің арызы қанағаттандырылып, «Қиял әлемі» саябағын бұзу жолымен қалпына келтіру бойынша сот шешімі заңды күшіне енді деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Республика даңғылы №9 мекен-жайында орналасқан саябақтың жер телімі жасыл желек аумағы ретінде болатын. Алайда, жалға алушы жасыл желек орнына ойын-сауық нысандарын орналастырған.
Сот орындаушылар тарапынан нысан иелеріне мұндағы 9 күрделі құрылыс ғимаратын өз есебінен бұзу туралы хабарлама берілген болатын. Алайда, хабарламаны орындамауына байланысты сот шешімімен саябақтың жер телімінде орналасқан аттракциондар мен басқа да құрылыс нысандары бұзылып, мемлекетке бастапқы күйінде қайтарылатын болады