Адам саудасына байланысты қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заң Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленді.
Негізгі заңға жаңа ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Сондай-ақ адам саудасы құрбандарының құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық негіздері де қарастырылған.
Сондай-ақ, заңға жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген.
«Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚР ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.