Интернеттегі алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ әшкереленді

69

Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қарсы күрес аясында осы санаттағы 200-ден астам қылмыстық істі талдады деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Нәтижесімен азаматтардан интернет – алаяқтық арқылы ұрланған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған бірнеше істер бойынша қатысушылар анықталды.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топты Астана қаласында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.

Қылмыстық схеманы іске асыру үшін топқа қатысушылар банктік карточкалары арқылы ақшалай қаражат түскен адамдарды («дропперлер») іздестіруді және оқытуды жүзеге асырған.

Қылмыстық топта оның қатысушылары арасындағы міндеттерінің нақты бөлінгені анықталды (қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау орбитасына түскен жағдайда жауапкершіліктен алыстату әдістері бойынша нұсқаулықтар жүргізу, ақшалай қаражаттың үздіксіз түсуі үшін топтың жұмысын үйлестіру және т.б.)

Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық топ 100-ден астам азаматтың 150 млн теңгеден астам сомаға ұрланған қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың мүшелері қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі
Келесі пост
Микроқаржы ұйымдары халықты қанап келген бе? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu