194
Иран қарулы күштерінің бас штабы Иран президенті Ибрахим Раиси қаза тапқан тікұшақ апатына қатысты тергеу нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Mehr агенттігінде мәлім болды.
Әуе апатының орын алуына қолайсыз ауа-райы себеп болған. Яғни, қалың тұманның салдарынан, тікұшақ тауға барып соқтығысқан.
Тергеу барысында, тікұшақта ешқандай техникалық ақау болмағаны анықталған.
Естеріңізге сала кетейік, Иран Президентінің тікұшағы 20 мамыр күні апатқа ұшыраған болатын.