“Дана” торнадосы, ірі су тасқынынан қаза тапқандар саны 500-ден асуы мүмкін деген болжам бар. Ал, нақты Испанияда ажал құшқандардың саны 211-ге жетті. El Español сайтындағы мәлімет бойынша табылған мәйіттер “фургондарда тасымалданып жатыр”. Ал, жоғалған адамдарды іздегендер, жергілікті биліктің есігін күзетуде. Құтқару бригадасы бірнеше күннен бері үйінділерді аршып, қирандыларды қазып жатыр. Оған 2,5 мыңнан астам әскер жұмылдырылған. Билік тағы 5 мың маманды жөнелтуге тапсырма берді.
“Із-түзсіз жоғалғандардың санын нақты айту мүмкін емес. 1900 із-түзсіз жоғалғандар туралы деректер бар. Десе де, бұл адамдар туыстарын таба алмай жатқаны туралы хабарламалармен қоңыраулар саны. Бірақ, қоңыраулардың негізгі саны байланыс үзілуінен болғаны белгілі. Сонымен қатар, туыстарын тапқан адамдар бұл туралы хабарламауы мүмкін”, – деді Испанияның ішкі істер министрі Фернандо Гранде-Марласка.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропада мұндай жойқын апат осыдан 57 жыл бұрын Португалияда болған.