Израиль армиясы Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл жасады

84

Израиль армиясы Ливандағы бітімгершілік базасына басып кіріп, негізгі танк қақпасын қиратты. Салдарынан, 15 сарбаз жарақат алды. Осыған байланысты, ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайы бойынша мәлімдеме берді. Яғни, қазақстандық бітімгерлер, оның ішінде үш штабтағы офицерлер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«Жағдай шиеленіскен уақытта қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданатын болады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста», – деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштен бітімгершілік күштерді дереу шығаруды сұраған болатын.

Айта кетейік, Израиль Ливанның оңтүстігінде Хезболлаға қарсы соғыс науқанын күшейтіп жатыр. БҰҰ-ның 10 000 адамнан тұратын бітімгершілік күштері шабуылға ұшырап жатыр. Кейінгі күндердегі ұрыс кезінде БҰҰ-ның кем дегенде бес бітімгері жараланды.

Алдыңғы пост
Шерзат Болаттың үйін Ұлттық ұланның сарбаздары күзетеді
Келесі пост
Палестиналық отбасылар үшін, қауіпсіз жер қалмады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu