Израиль қарулы күштері Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда провинциясында үкімет әскері позицияларына соққы жасағанын хабарлады. Әскери операция аймақтағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты жүргізілген.
Бұған дейін Сувейда қаласында друздар мен бәдәуи тайпалары арасындағы қақтығыс кезінде 30-дан астам адам көз жұмған болатын. Израиль тарапы бұл әрекет друз қауымын қорғау мақсатында жасалып отырғанын мәлімдеді.
Сувейдадағы қақтығыстар – өткен жылдың желтоқсанында президент Башар Асад биліктен кеткеннен кейін басталған конфессияаралық жанжалдардың алғашқысы болып отыр.
«Біраз уақыт бұрын Израиль армиясы Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда аймағында үкімет күштерінің әскери көліктеріне соққы бере бастады», – делінген Израиль Қорғаныс армиясының ресми мәлімдемесінде.