327
Хамас АҚШ-тың Газадағы атысты тоқтату жоспарына жауап берген көрінеді. Мұнда ұйымның лауазымды шенеунігі Израильден атысты тоқтатуды талап ететінін айқан. Бұл туралы ВВС хабарлады.
АҚШ президенті Байден ұсынған және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоспары атысты тоқтатуды көздейді. Сонымен қатар, ХАМАС тұтқынындағы израильдіктерді және Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындарды босатуды ойлап отыр.
Яғни, ХАМАС пен оның палестиналық одақтастары келісімге келуге дайын екендерін білдірді. Сондай-ақ, ХАМАС Газадағы шайқастарды «толық тоқтатуға» шақырды.
«Бұл жауап Палестина халқының мүддесін бірінші орынға қояды және Газадағы агрессияны толығымен тоқтату қажеттілігін көрсетеді», – делінген мәлімдемеде.