Израиль Тегеранға әуе соққысын жасады

28

13 маусымға қараған түні Израильдің әскери әуе күштері Иран астанасы Тегеранға соққы жасады. Израиль билігінің мәлімдеуінше, бұл операция Иранның ядролық бағдарламасын жоюды көздейді.

Әуе шабуылдары уран байыту зауыттары орналасқан Тегеран, Тебриз, Керманшах, Исфахан және Нетенз қалаларындағы нысандарға бағытталғаны хабарланды.

«Көп жылдар бойы Иран тікелей және жанама түрде Израильге қарсы терроризмді қолдап келді. Ол Таяу Шығыстағы сенімді өкілдері арқылы терактілерді қаржыландырып, ұйымдастырды, сонымен қатар ядролық қару жасауға ұмтылды. Соғыстың басталуынан бері Израильге қарсы жасалған барлық терактілерге Иран режимі басты кінәлі», – деп атап көрсетілген Израиль армиясының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Әуе шабуылдарынан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху арнайы операцияның басталғанын жариялап, бұл операция «ирандық қауіп-қатер толық жойылғанға дейін» жалғасатынын мәлімдеді.

Алдыңғы пост
Boeing акциялары ұшақ апатынан кейін 8%-ға арзандады
Келесі пост
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu