333
#Немолчиkz қорының мәліметіне сәйкес, зұлымдық жасаған адам бес баланың әкесі. Ол, эпилепсиямен ауыратын кішкентай қызды зорлаған.
Тергеу кезінде жасөспірім қыздың талмасы ұстап қалған. Ал, анасы ауруханаға түскен. Осыны көрген әпкесі, қара ниетті адамның кінәсін дәлелдеуге барын салған. Сондай-ақ, сотта адвокаттардың бірі сотты болғанын айтқан.
Нәтижелі жұмыстың арқасында педофил 22 жылға темір торға тоғытылды. Оның кінәсі биоматериалдармен дәлелденді.