28
Қазақстанда көлік терезесінен дене мүшелерін шығаруға тыйым салынды.
Енді, елімізде қозғалыс кезінде көлік терезесі немесе люгі арқылы қол, бас және басқа да дене мүшелерін сыртқа шығаруға болмайды. Сондай-ақ, көлік жүріп келе жатқанда есікті ашуға тыйым салынған.
Аталған талаптарды бұзған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 39 320 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұл ережелер ескерілмеген жағдайда, жауапкершілік жолаушыларға емес, жүргізушіге жүктеледі.