Көлікті мас күйінде басқарып жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін қала тұрғыны сотталды

129

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған тұлға ойын-сауық мекемесінде алкогольдік ішімдік ішіп, қайта мас күйінде рөлге отырған.

Бұған дейін сот қаулысы негізінде сотталған адам ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған.

«Кінәлі өзінің жүргізуші куәлігінен айырылғандығын біле тұра, көлікті алкогольдік масаң күйде айдап, қарсы бағытқа шығып, басқа көлікпен соқтығысқан. Сот үкімімен кінәлі тұлға ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі бойынша өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Елорда прокуратурасы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Алдыңғы пост
Жедел жәрдемге арналған бейнежетондар: Алматы мен Астанада пилоттық жоба іске қосылды
Келесі пост
Қазақстанда балаларға арналған жазғы демалыс және сауықтыру науқаны басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu