161
Шекара академиясының 3 курс курсанты 22 қыркүйекке қараған түні өзіне-өзі қол жұмсаған. Бұл ақпаратты қалалық ПД растады.
“Дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайы белгіленеді”, – делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
Бақ беттерінде, марқұмның секіріп кеткен жерінен, телефоны, өзге де заттары табылғаны жазылған. Телефонын да досына соңғы жазған жазбасы бар екен. Онда, мен қатты шаршадым. Десе де, мені осы күйімде есте сақтаңдар. Бауырларыма ағалық көмек көрсете алсаң, көрсет деген секілді хабарлама бар екен.
Әскери оқу орнының курсанты академия аумағынан қалалық сейілге шығуға рұқсат алған. Ол, сол күні жоғары қабаттан секіріп, оқиға орнында көз жұмғаны белгілі болды.