Жәбірленуші 4 жастағы баласын бірнеше айға күтушіге тастап, жұмыс істеуге кеткен. Осы сәтті пайдаланған азғын, баланы әбден азаптап өлтірген. Баланың денесі 2023 жылдың күз айында Семей маңындағы тас жолдың бойындағы әжетханадан табылды.
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 38 жастағы ер адам үйінде жас балалардың көзінше мас күйде, киімсіз жүрген. Ол өзінің 9 жастағы қызына қатысты сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған. 4 жастағы баланы физикалық және моральдық тұрғыдан азаптағанын мәлімдеді. Ал баланы сеніп тапсырған күтуші әйел бүлдіршінді күйеуінен қорғау үшін ешқандай әрекет жасамаған.
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал оның жұбайы 2 жыл 6 айға түрмеге тоғытылды.