Осындай көріністегі бейнематериал әлеуметтік желіде тарады.
Қанды оқиға, Алматыдағы тұрғын үй кешенінде орын алған. Күзетші мен үй тұрғындарының бірі жанжалдасып, оның соңы адам өліміне әкеп соққан. Бейнематериалға сүйенсек, ер азамат жол талғамайтын көлікпен келіп, күзетшіні үш рет соққан. Мұнан соң, тепкінің астына алғаны көрініп тұр. Ауыр соққының салдарынан, жәбірленуші ауруханада көз жұмған.
Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, соның салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған, – деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Суреттер бейнематериалдан алынды
Қазіргі таңда адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.