247
Ленин шахтадасындағы кеншілердің өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарылды. Яғни, басшылық қызметте отырғандар заң аясында түрмеге тоғытылды. Сондай-ақ, олар жазасын қауіпсіздігі ең төменгі мекемеде өтейді.
“Сот айыпталушыларды Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, желдету және қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі Петр Ли 5 жылға, желдету, қауіпсіздік және болжау қызметі бөлімінің бастығының көмекшісі Дмитрий Аблов 4 жылға, сондай-ақ ауысым бастығы Андрей Завьялов 4 жыл, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Көмекші вентиляция бөлімінің бастығы Талғат Баякенов 4 жылға сотталды”, – деді судья.
Естеріңізде болса, 2022 жылы көмір зауытында қайғылы жағдай орын алған болатын. Салдарынан, бес кенші қаза тапқан.