Кентау қаласында “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобы анықталды

97

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Кентау қаласында “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойды деп хабарлады polisiakz.

Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізуге бағытталған.

Топ мүшелері “Хизб-ут-Тахрир” шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Ал, жетекшісі бұған дейін, тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде, 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі таңда, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Жастар арасындағы әлем чемпионатында еліміз жалпы есепте топ жарды
Келесі пост
Шымкентте есірткі жарнамасының жолы кесілді 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu