Кептірілген шаян таяқшаларын жеген 23 бала уланды: Улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды 

127

Осыдан бірер күн бұрын Ақтөбе облысы, Қобда ауданында бір сыныптың оқушылары жаппай уланып, ауруханаға шұғыл жеткізілген болатын. Олардың бірі, дүкеннен кептірілген шаян таяқшаларын сатып алған. Мектепке барып, бірінші сабақтан кейін өзі жеп, басқа сыныптастарына ауыз тиюге берген. Оны 7 бала жеген болса, қалғандары иісіне уланған.

Қазіргі таңда, инфекциялық стационарда 9 оқушы бақылауға алынып, ем алуда. Олардың екеуінің қызуы түспеген.

«Балаларда жүрек айнуы болған. Қолдарына бөртпе шыққан. Бір екі баланың көздері жасаураған. Сол бебепті жедел түрде уланудың алдын алу үшін сыныптағы оқушыларға тексеру жүргізілді. Бастапқы диагноз «Тағамдық улану», Баканализ таза шығуына байланысты «иіс арқылы улану» нақты диагноз қойып отырмыз», – деді Қобда аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Пернебаева.

Полиция оқушылардың жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кінәлілер анықталса, ҚК-нің 306-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Алдыңғы пост
Президент «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтауды тапсырды
Келесі пост
Шетелдік азамат электронды темекіні әкелгені үшін бас бостандығынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu